Дәрігерлердің айтуынша, скальпельдің ұштары скотчпен жабыстырылған. Әзірше қалай жұтқаны анықталуда.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері түрмеде жазасын өтеушінің аш ішегінен скальпельді алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық ауруханаға 3 сәуір күні түрмеден іші ауырды деген шағыммен жазасын өтеуші әкелінген.
Хирургтар рентген түсірілімін жасап, науқастың асқазанынан темір заттың барын көреді. Осылайша, дереу эндоскопия бөліміне жібереді. Бөлім дәрігерлері операциясыз скалбпельді шығарады. Скальпель асқазан мен аш ішектің тоғысқан жерінде тұрып қалған.
Дәрігерлердің айтуынша, скальпельдің ұштары скотчпен жабыстырылған. Әзірше қалай жұтқаны анықталуда.
«Егер уақытынды көмек көрсетпегенде, жағдай қиын болатын еді», - дейді дәрігерлер.