Маңғыстаудағы маңызды мәселелер мемлекет назарында

0
551

Су адамзат үшін өте маңызды құндылық болса да, өңірде бұл ұғымның мәніне терең бойламайтын кәсіпкерлік нысандары бар екен.


Маңғыстаудағы маңызды мәселелер мемлекет назарында

Бүгінгі таңда елімізде су ресурстарын ұтымды пайдалану, жасыл энергетика, қоршаған ортаны қорғау салаларына басымдық берілген. Бұл тұрғыда Маңғыстау өңіріндегі өзекті мәселелердің бірте-бірте реттеліп келе жатқандығына куә болып отырмыз.


Атап өтсек, биылғы жылдың басында өңірде су ресурстарын тиімді қолдану бағытында ауқымды жиын өтті. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің айтуынша, су адамзат үшін өте маңызды құндылық болса да, өңірде бұл ұғымның мәніне терең бойламайтын кәсіпкерлік нысандары бар екен. Облыс әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда маңғыстаулықтардың бір тәулікте тұтынатын ауызсуы 150 мың текше метрден асады, ал су көп қажет болатын жаз айларында бұл көрсеткіш 230 мың текше метрден асып түсетін көрінеді. Осы орайда мәселенің алдын алу, қордаланған проблемаларды шешу мақсатында көптеген жобалар енгізіліп жатыр. Алайда, оларды нәтижелі түрде іске асыру үшін елдің бірлесе жұмыс істегендігі керек-ақ.


Ресми деректерге сүйіенсек, Маңғыстау облысында ауызсу проблемасын шешу үшін келер жылға дейін он бірдей суды тұщыту зауыты мен қажетті құралдарды іске қосу, қуаттылығы тәулігіне 122 мың текше метрден асатын су құбырын жүргізу жоспарланған. Одан бөлек ішінде былтыр нөмірі екінші кәріз суын тазарту нысанын іске асыру жұмыстары басталған. Бұл нысанда ластанған суды залалсыздандырудың ең тиімді технологиялары қолданылып, жасыл желекті суаратын су дайындалатын болады. Сәйкесінше бұл да су үнемдеудің таптырмас бір жолы.


Сондай-ақ, қазіргі уақытта Мааңғыстау облысы аумағында су сапасын арттыру және азаматтар мен өзге де нысандарды тоқтаусыз қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жоба жүзеге асырылып келеді. Олардың қатарында Шапағатов деп аталатын елдімекен мен өңір орталығына суды тұщыту технологияларын орнату, Ақтау зауытындағы су тұщыту көлемін арттыру, Баянды, Форт-Шевченко елдімекендері мен өндіріс орындары және демалыс аймақтарына су тұщыту қондырғыларын орнату жобалары бар.


Сонымен қатар, жыл басынан бері өңірде қоршаған ортаны қорғау мақсатында метан жанармайымен жүретін автобустар алынып, халыққа қызмет көрсете бастады. Яғни, өңірдің экологиясына көңіл бөлініп қана қоймай, автопаркі жаңарып, қоғамдық көлік қызметінің сапасы көтеріліп жатыр. Оның үстіне, жанармай үнемдеу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Облыс әкімдігі таратқан мәліметтерге сүйенсек, өңір халқына қызмет ете бастаған жаңа автобустар салқындатқыш, бейнебақылау камералары, мүгедектерге арналған орын секілді барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Ал оларды метанмен қамтамасыз ету үшін арнайы жанармай бекеті салыныпты. Мұндағы негізгі мақсаттың бірі – тұрғындар үшін жайлы, таза әрі қауіпсіз қоғамдық көлік жүйесін қалыптастыру. Одан бөлек нарыққа жаңа көліктер кіргізу. Облыс әкімінің айтуынша бұл бағыттағы жұмыстар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмалардың арасында да бар. Сондықтан жыл басында жалпы өңір аумағында қызмет ету үшін жүз жиырма қоғамдық көліксатылып алынған. Оған қоса биылғы жылдың іішінде тағы жүз автобус алынады деп жоспарланған. Бұл автобустармен қатынау құны жол ұзақтығына байланысты. Жаңа автобустар Ақтау қаласы мен Жетібай, Форт-Шевченко, Бейнеу және Шетпе елдімекендерінің арасын жалғайтын болады.


Наурыз айының соңында облыс әкімі өңірдің даму перспективалары туралы мәлім еткен еді. Сол кезде облыс аумағын табиғи газбен қамтамасыз ету бағытына ерекше тоқталған. Айтуынша, өңірде ел президентінің тапсырмасына сәйкес «Бейнеу – Жаңаөзен» газ магистралындағы екінші бөлімнің құрылыс жұмыстары мәресіне жетіп, қолданысқа берілген. Үш жүз шақырымнан асатын бұл желінің құны 180 миллиард теңгені құрайды. Бірінші бөлігіне де қаржы қаралған. Жалпы, жоба толығымен келер жылы аяқталатын болады. Сонымен қатар Ақтау қаласындағы жаңа тұрғынүйлерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында автоматтандырылған бекет салу жұмыстары аяқталып, газ құбырын іске қосу жұмыстары басталған. Ұзындығы елу шақырымнан асатын магистралдың құны 10 миллиард 500 миллион теңгені құрайды. Одан бөлек, туристік орындар, елді мекендер, өнідіріс орындары мен табиғи аймақтардың экологиялық ахуалын көтеру мақсатында газ құбыры тартылған. Аталған жобалар өңірдің ғана емес, мемлекеттің энергетикалық қауіпсізідгін қамтамасыз етіп, жаңа өндіріс орындарын ашуға ықпал жасамақ.


Ал, туризм бағытын дамыту мақсатында былтыр өңірге қырық мыңға жуық қонақ келіп, көрсетілген қызметтерге он үш млрд. теңдеген аса ақы төленіпті. Жалпы, қазіргі уақытта Ақтау қаласының әуежайынан сегіз бірдей ішкі бағыт және он жеті халықаралық бағыт ашылған. Одан бөлек Каспий теңізі бойындағы жағажайды дамыту жұмыстары қолға алынып, былтырдың өзінде екі бірде жоба іске асырылған.


Одан бөлек, өңірдің экологиясын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша облыс аумағында бірнеше ай бойы «Таза Қазақстан» акциясыаясындағы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Шілде айындағы деректерге сүйенсек, өңірдегі тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекемелер кәсіпорындар, шаруашылықтар, жастар мен волонтерлар, халық қалаулылары – жалпы саны отыз мыңнан астам азамат атсалысып, елуге жуық қоғамдық саябақ абаттандырылып, он мың түпке тарта ағаш көшеті егілген.

Жуырда Маңғыстау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясыөткізіліп, алқалы жиында ауызсу, экология және энергетика саласындағы мәселелер талқыға түскен болатын. Мәселен, энергетика саласының мамандары мәлім еткендей, облыс аумағында бір текше метр суға бекітілген тариф құны 438 теңгені құрап отыр екен. Сондықтан өңірде су үшін төленетін ақы мөлшерін тұрғындарға қолайлы ету мәселесі өзекті болып отыр. Одан бөлек, сессия жұмысында Каспий теңізінің жағалауында итбалықтардың өліп жататыны сөз болды. Пікір білдірушілердің айтуынша, бұл жағдайға белгілі бір экологиялық проблемалар әсер етеді. Сондықтан оны зерттеу керек.


Жалпы, Маңғыстау облысы – ел экономикасы мен әлеуметтік ахуалына өзіндік әсерін тигізетін өңірдің бірі. Сәйкесінше, мұндағы проблемалардың тиімді шешілгені барлығымыз үшін маңызды.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ