Дағыстан Республикасынан келген көмекте медициналық бетперде, қорғаныс киімі және антисептик құралдары бар.
ERNUR.KZ. Маңғыстауға Ресей Федерациясы Дағыстан Республикасынан гуманитарлық көмек келіп жетті, деп жазады nege.kz.
Бұл көмекті қала, аудан және тиісті мекемелердің қажеттіліктеріне қарай бөліп беру мақсатында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы қабылдап алды.
Дағыстан Республикасынан келген көмекте медициналық бетперде (100 000 дана), қорғаныс киімі (13 000 дана) және антисептик құралдары (2000 дана) бар.
«Nur Otan» партиясының бақылауымен облыс әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссиясы келген гуманитарлық көмекті Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментіне, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына, 6656 ҰҰ Әскери бөлімге және қала, аудандарға бөліп жіберу жұмыстарын жүргізді.