Маңғыстаулық аңшы Каспий жағалауынан әуебомбасын тауып алды

0
144

Табылған зат белгіленген тәртіппен тіркелді.


Маңғыстаулық аңшы Каспий жағалауынан әуебомбасын тауып алды

фото: Lada.kz

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында аңшы Каспий жағалауынан оқу-жаттығуға арналған әуебомбасын тауып алды. Оқиға орнына полиция келді, деп жазады tengrinews.kz.

15 желтоқсанда шамамен сағат 10:00-де Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының 102 кезекші бөліміне күмәнді зат табылғаны туралы хабарлама түскен. Оны аңшы жағалау сызығынан шамамен 200 метр қашықта, Ақтаудан 39 шақырым жерде тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, табылған нысан - коррозия басқан П-50-75 маркалы оқу авиациялық снаряды. Оқиға орнына жедел түрде Түпқараған ауданы полиция қызметкерлері, сондай-ақ №25744 әскери бөлімнің минасыздандыру тобы барған.

Табылған зат белгіленген тәртіппен тіркелді. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр, болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.