Мәскеуде Томирис Байсафаны өлтірген қылмыскер 13 жылға сотталды

0
714

Мәскеудің Измайлов аудандық сотының судьясы Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы Муртузали Меджидовты қазақстандық студент Томирис Байсафаны өлтіру ісінде кінәлі деп тапты.


Мәскеуде Томирис Байсафаны өлтірген қылмыскер 13 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Мәскеуде қазақстандық Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп танылған дағыстандық шенеуніктің ұлына қатысты сот үкімі шықты, деп жазады exk.kz.

Мәскеудің Измайлов аудандық сотының судьясы Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы Муртузали Меджидовты қазақстандық студент Томирис Байсафаны өлтіру ісінде кінәлі деп тапты.

Ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы марқұмның анасы Жанна Ахметова айтты.

2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курсының үздік студенті Томирис Байсафа төртінші қабаттың терезесінен белгісіз жағдайда құлап кеткен еді. Содан ауруханада жатып, 3 мамырда қайтыс болды.

Былтыр жазда Мәскеу соты Муртузали Межидовты жазықсыз деп таныды. Алайда, жәбірленуші тарап сот шешімін қайта қарауын сұраған болатын.