Төменгі палатаның бүгінгі отырысында Жаңбыршин алдымен АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың билікке келген бойда екі жынысты, яғни тек ер мен әйел жынысын заңмен бекіткенін еске салды.
фото: Pau Barrena
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ*-ға қарсы петиция талаптарын толығымен қолдауды талап етті, деп жазады sputnik.kz.
Төменгі палатаның бүгінгі отырысында Жаңбыршин алдымен АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың билікке келген бойда екі жынысты, яғни тек ер мен әйел жынысын заңмен бекіткенін еске салды.
"Бұл – ЛГБТ*-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға біз түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз. Бұл жаңалық Батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста, барлық қызтекелерге "Дядя Дональдтан" жалынды сәлем!", - деді Жаңбыршин.
Оның айтуынша, Трамптың шешімі мәжіліс депутаттарының ЛГБТ*-ға қарсы ұстанымымен ұштасып отыр.
"Мен білетін үкіметке кемінде бірнеше нақты депутаттық сауал жолданды. Оған қоса, ЛГБТ*-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Алайда, осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің "демократияны шектеп жатырсыңдар", "адам құқығын таптап жатырсыңдар" деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді. Тіпті, ЛГБТ* өкілдері және олардың сыбайластары депутат әріптестеріме және олардың отбасыларына әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай ақпараттық шабуылдар ұйымдастырды", - деп атап көрсетті депутат.
Осы орайда Жаңбыршин ЛГБТ* насихатына қарсы петицияның екі аптада петиция 50 мың қол жинағанын ерекше атап өтті. Бұл дегеніміз, халық ұлттық болмысымызға жат, ЛГБТ* ағымына қарсы.
"Олай болса, үкімет тез арада келесі шараларды қолға алуы қажет. Бірінші, жоғарыда аталған петиция талаптарын толық қанағаттандыру керек. Екінші, барлық платформаларда, әлеуметтік желілерде ЛГБТ*-ны насихаттайтын заң нормаларын ұсынамыз. Оған Үкімет оң қорытындысын беруі тиіс. Үшінші, ЛГБТ*-ны қолдап, мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауы қажет", - деді Жаңбыршин.
ЛГБТ*- Ресейде тыйым салынған және экстремистік қозғалыс деп танылған.