Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін Роман Скляр басқарады

0
1 230

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін Роман Скляр басқарады

ERNUR.KZ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына Роман Склярдің кандидатурасы мақұлданды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл талқылау Экономикалық реформа және өңірлік даму бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі комитетінің отырысында «ҚР Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес қаралды.

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды.

Мәжіліс Комитетінің мүшелері Р.Склярге бірнеше сұрақ қойды және талқылаудан кейін Скляр Роман Васильевичтің кандидатурасын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітті.

Айта кетейік, Роман Скляр ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі қызметін атқарған болатын.

Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Роман Скляр әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Павлодар облысы әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі, «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ вице-президенті болған.