Мәжілісте маска режимі енгізілді

0
102

Қанша депутаттың тұмаумен ауырғаны әзірге белгісіз.


Мәжілісте маска режимі енгізілді

фото: Ulysmedia.kz

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес маска тағу режиміне өтті, деп жазады ulysmedia.kz.

25 қараша күнгі Мәжіліс күнтізбесінде «Мұнай-газ өндіруші компаниялардағы жергілікті қамтуды дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Алайда жиынға қатысу үшін депутаттар, шақырылған шенеуніктер, сарапшылар және журналистер медициналық маска киюге міндетті.

— Бұл вирустардың таралуына байланысты, — деп түсіндірді Мәжіліс қызметкері.

Қанша депутаттың тұмаумен ауырғаны әзірге белгісіз. Бірақ қызметкерлердің айтуынша, маска тағу режимі туралы нұсқау бас санитарлық дәрігерден «жаңа ғана» түскен.

Төменгі палата карантинге жабылуды әзірше жоспарлап отырған жоқ. Барлық отырыстар офлайн форматта өтеді, бірақ санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады.