Қорды таратуды мәжілісмен Ринат Зайытов ұсынған еді.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жаңа басшысы Әбілқайыр Сқақов оны тарату туралы ұсынысқа жауап берді, деп жазады stan.kz.
Айта кетейік, қорды таратуды мәжілісмен Ринат Зайытов ұсынған еді.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмыс істей бастағалы оң нәтижелер бар. Алғашқы медициналық көмек 3 есе, паллиативтік көмек алты есе, КТ және МРТ арқылы – миллионнан астам қазақстандық көмек алды. Сонымен қатар ЭКО арқылы 5 мың бала дүниеге келді. Сондықтан медициналық сақтандыру қоры мүлдем пайдасыз деп айтуға болмайды", - деді Әбілқайыр Сқақов.
Айта кетейік, бұған дейін міндетті медициналық сақтандыру дұрыс жұмыс істемейді деген Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов МӘМС қызметін уақытша тоқтатуды ұсынған болатын.
"Адам өліп жатыр ауылда. Жедел-жәрдем келмейді. Сақтандыруың жоқ деп ауылдарда дәрігерлер емдемейді. Осыны жүйелегенше, дайындап қалпына келтіріп алғанша тоқтата тұруды сұраймын. Өйткені мұның халыққа қатты зардабы тиіп жатыр", - деген еді Зайытов.