Мектеп түлектері отырған көлік әкімдік ғимаратына соғылды – Қарағанды

0
1 024

Мектепті бітіре сала, қымбат көлікті тақымдаған баланың отбасы Жеңіс Қасымбек отыратын ғимараттың қираған тұсын жөндеуі тиіс.


Мектеп түлектері отырған көлік әкімдік ғимаратына соғылды – Қарағанды

ERNUR.KZ. Қарағандыда мектеп бітіруші түлектер жеңіл көлікпен жүйіткіп, облыстық әкімдік ғимаратына соғылып бір-ақ тоқтаған. Тізгіндегі 17 жастағы жігіттің жүргізуші куәлігі де жоқ, деп жазады ktk.kz.

Зәулім ғимаратқа көлікті соққан бозбала алғашында «жолымды басқа көлік кесті» деп ақталған. Алайда, оны куәгерлер жоққа шығарды. Болжам бойынша, олар мектептердің біріндегі соңғы қоңырау меркесінен келе жатқан екен. Ешқайсысы жарақат алмаған.

«Жүргізуші мас болмаған», - дейді полицейлер. Көлік 17 жастағы бозбалаға тиесілі екен. Сондықтан кәмелетке жетпегенге тізгін ұстатты деп ешкім айыпталмайды. Мектепті бітіре сала, қымбат көлікті тақымдаған баланың отбасы Жеңіс Қасымбек отыратын ғимараттың қираған тұсын жөндеуі тиіс. Салынатын айыппұлы тағы бар.

«18-ге толмаған бозбала жол оқиғасынан еш жарақат алған жоқ. Көлік өз атына алынған, бірақ, куәлігі жоқ. Жол ережесін бұзған азамат 60 АЕК айыппұл төлейді», - дейді Қарағанды қалалық ПБ бастығының орынбасары Ерлан Ақылбеков.