Асхат Аймағамбетов бұл заңсыз екенін атап өтті.
фото: ҚазАқпарат.
ERNUR.KZ. Мектептерде отбасының табысы мен ата - анасының несиесі туралы деректер сұратылмайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Алматыда халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
Министрмен кездесуге келген ата-аналардың бірі, мектептерде оқушылардың отбасы туралы деректер жиналып жатқанын айтты.
«Қазір мектептерде ата-аналарға көптеген сауаланамалар толтыртып жатыр. Мысалы, жұмыс орны, табысы, несиесі, үйі бар ма? деген сияқты қисынсыз сұрақтарға жауап беруміз қаншалықты заңды»,- деп сұрады алматылық.
Асхат Аймағамбетов бұл заңсыз екенін атап өтті.
«Сіз, нақты қай мектеп екенін айтыңызшы. Біз міндетті түрде шара қолданамыз. Білім мекемелерінің ондай сауал жолдауына құқығы жоқ. Яғни, ата-ананың табысы мен несиесі туралы ақпарат жинақталмайды, сұратылмайды»,- деді Асхат Аймағамбетов.