Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды 1 мамыр – бірлік күнімен құттықтады

0
814

Мемлект басшысы, өз сөзінде су тасқынымен күресте де халық өз арасында бірлігін көрсетіп жатқанын жеткізді.


Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды 1 мамыр – бірлік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың 1 мамыр – бірлік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Президент сөз басында 1 мамыр барша қазақстандықтар үшін татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке екенін атап өтті.

“Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы”, – деді Тоқаев.

Мемлект басшысы, өз сөзінде су тасқынымен күресте де халық өз арасында бірлігін көрсетіп жатқанын жеткізді.

“Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған "алапат тасқынмен" бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін”, – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.