Мемлекет басшысы Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады

0
745

Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф мемлекет атауын өзгертуді ұсынған болатын.


Мемлекет басшысы Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады

ERNUR.KZ. Президент Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады», - делінген ақпарат көзінде.