Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.


