Мемлекет басшысы Президент Майя Сандудың барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Молдова халқына құт-береке тіледі.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Молдава Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады.
Жеделхатта Қазақстан екі ел халқының мүддесі үшін кең көлемді бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екені атап өтілген.
Мемлекет басшысы Президент Майя Сандудың барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Молдова халқына құт-береке тіледі.


