Мемлекет басшысы Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды

0
487

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысында жүр.


Мемлекет басшысы Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

"Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиянды қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті. Сондықтан, Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық", - деді Мемлекет басшысы.