Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
107

Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген.


Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованың қызметі мен игі бастамаларына толайым табыс, ал Солтүстік Македония халқына құт-береке тіледі.