Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары алған сыйлықақы мөлшері белгілі болды

0
3 495

2018 жылы МБЖЖ білім беру депозитін ашқан 14 739 салымшы 757 409 000 теңге сомасына мемлекеттен сыйлықақы алды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ БжҒ министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары алған сыйлықақы мөлшері белгілі болды

2018 жылы МБЖЖ білім беру депозитін ашқан 14 739 салымшы 757 409 000 теңге сомасына мемлекеттен сыйлықақы алды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ БжҒ министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын барлық салымшыларға төленеді. Бұған дейін мемлекет сыйлықақысы үш мәрте берілген болатын:

  • 2015 жылы – 4 748 000 теңге;
  • 2016 жылы – 325 657 000 теңге.
  • 2017 жылы – 556 947 000 теңге

Барлығы 1 644 761 000 теңге сомасында мемлекет сыйлықақысы төленді.

Қазіргі уақытта 13 миллиардтан аса теңгеге білім беру депозиттерін ашып, МБЖЖ жүйесінде тіркелген салымшылардың саны 18 000 адамнан асады.