Елтаңбадағы "Қазақстан" сөзі "QAZAQSTAN" деп өзгертілді
фото:Tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Еліміздің елтаңбасының жаңартылған нұсқасында QAZAQSTAN сөзі қолданылады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
2018 жылдың 12 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев пен мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің және "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиын нәтижесі бойынша қатысушылар "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық жағдайлар" заңына өзгертеулер енгізу туралы шешім мақұлданды. "Осылайша, "Қазақстан" сөзі өзгертіліп, мәтін латын графикасында жазылатын болды - "QAZAQSTAN", - деп хбарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Еркема Мұхтар.
Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековтің елтаңбаның тарихы мен құрылымы жайлы сипаттаған әдістемесіне сілтеме қойылды.