Мемлекеттік гранттар саны белгілі болды

0
4 179

Грантқа өтініш берген 75 мың түлектің қайсысы тегін оқи алатыны осы аптада белгілі болмақ


Мемлекеттік гранттар саны белгілі болды

ERNUR.KZ. Алдағы оқу жылына бөлінген гранттар саны анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Astana арнасына сілтеме жасап.

Биыл ақысыз оқуға үміттенген 75 мыңнан астам түлектің барлығы грантты иеленбейді. Жоғарғы оқу орындарына 53 жарым мың мемлекеттік грант бөлінетіні белгілі болды. Мұны Білім және ғылым министрлігінің мамандары мәлімдеді.

Атап өтсек, 53 мыңнан астам гранттың 24 мыңы техникалық, 9 мыңнан астамы педогогикалық, 2 785-сі ауыл шаруашылық және ветеринарлық мамандықтарға үлестірілсе, 2 700-і медициналық мамандыққа бөлінген. Ал ең аз грант саны заңгер мамандығына, 100 орын.Қалғаны әлеуметтік-экономикалық, қызмет көрсету, әскери мамандықтарға қарастырлған. Ал грантқа өтініш берген 75 мың түлектің қайсысы тегін оқи алатыны осы аптада белгілі болмақ.

«Мектеп бітірген түлектер арасында 75 мыңы оқуға түсетіндей баллды алды. Былтырға қарағанда көрсеткіштері жоғары. Былтырлары көп адам сыртқа кетіп еді. Қазіргі кезде елімізде оқимыз дегендердің саны өсті. Соның ішінде қазақ мектеп бітіргендердің көрсеткіші жоғары. Қазір 80 пайыз қазақ мектебінде оқып жатқандар бар. Бұрын 50 де 50 болатын болса, биыл 75 пайыз қазақ мектебін бітірген балалар конкурсқа қатысатын болды», - деп мәлімдеді ҚР ЖОО қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов.