Мемлекеттік қызметкердің жалақысы айтарлықтай көп емес.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Бұл туралы "Antikor live" жобасы аясында өткен онлайн брифинг барысында психолог Гүлбану Үмбетжанова айтты, деп жазады baq.kz.
Мемлекеттік қызметкердің жалақысы айтарлықтай көп емес. Осы орайда оның жақындары оны өзге табысты адамдармен салыстыруы мүмкін. Мемлекеттік қызметкер үйіне келіп, «анау керек, мынаны алуым керек» деген сауалдың астында қалуы мүмкін. Сол себепті де ол қаржы табудың басқа көздерін іздеп кетуі мүмкін. Көп жағдайда әйелдер күйеуінің қосымша ақша табуына түрткі болады, - дейді психолог.Үмбетжанова атап өткендей, қазіргі қоғамда отбасыға тек қана оның мүшелерінен ғана қысым түспейді.
Мемлекеттік қызметкерге ата-анасы, отбасының өзге мүшесі де психологиялық тұрғыда әсер етуі мүмкін. Көп адам осындай қысымға ұшырайды. Егер де күйеуіңіз айлықтан басқа ақша әкелетін болса, оның қалай келгенін білу керек. Себебі көп жағдайда арам ақшаға сатып алынған сыйлықтар да соңында тәркіленеді. Сол үшін мемлекеттік қызметкерлерді әйелдері қолдап, оларға ақша емес, адам маңызды екенін айтып отыруы керек, - деді ол.Психолог МӘМС жетекшісінің әйелін мысалға келтірді.
Оның әйелі күйеуі 30-ға дейін 10 көлік алып бергенін айтты. Әйелдің жай ғана жазбасы күйеуінің мансабын құртты. Осындай жағдайлар өте көп, - деді ол.