Мемлекеттік қызметшінің еңбекақысы жаңа жүйемен төленуі мүмкін

0
648

Қазіргі уақытта жаңа жүйені енгізу бойынша талдау жасалып, тиісті Үкімет қаулысы жобасы әзірленді.


Мемлекеттік қызметшінің еңбекақысы жаңа жүйемен төленуі мүмкін

ERNUR.KZ. ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов мемлекеттік қызметшінің еңбекақысын төлеу жүйесін масштабтау мүмкіндігі туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің пилоттық режімде еңбекақысын төлеудің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақыны төлеудің пилоттық режімде жаңа түрі енгізілді. Алдымен еңбекақыны жаңа жүйемен төлеу пилоттық режім түрінде Мемлекеттік қызмет агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы және Маңғыстау облысы әкімдігінде енгізілді. 2019 жылдан бастап Алматы және Шымкент қалалық әкімдіктерінде, ал 2020 жылдан бері Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында іске асып келеді», - деді Ә. Смаилов депутат сауалынаа берген жауабында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жаңа жүйені енгізу бойынша талдау жасалып, тиісті Үкімет қаулысы жобасы әзірленді. Аталған жоба орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісілген. Осы орайда Үкімет ҚР Конституциясы 66-бабының 9-1 тармақшасына сәйкес, еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесін масштабтандыру әрекеті бойынша Мемлекет басшысының келісімін алу енгізілді.

«Мемлекет басшысы келісімінің нәтижесіне сәйкес, ҚР Үкіметі жаңа жобаны мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда енгізу бойынша қаулы шығарып, тиісті шаралар қабылдайды», - дейді Үкімет басшысының орынбасары.