"Менің кином емес": Дариға Бадықова "Келінжан 3" фильмін сынағандарға жауап берді

0
221

Желіде актрисаның жазбасының астына бейтаныс оқырман аталған туындының нашар екенін айтты.


Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Танымал продюсер, актриса Дариға Бадықова “Келінжан 3” фильмін сынағандарға ашуланды, деп жазады stan.kz.

Желіде актрисаның жазбасының астына бейтаныс оқырман аталған туындының нашар екенін айтты.

“Келінжан 3”- ке барып көңіл толмады. Ақшаға құнығып кеткен. Кинода не мән жоқ не мағына жоқ. Арзан күлкі – арзан кино. Қайран 85 минут уақыт?!. Суретшіні суретші деген сайын сақалын бояпты дегендей, кинодан мән кеткен. Оданда “Моана” көрген дұрыс. Уақыттарыңызбен ақшаларыңызды құртып Дариғаның арзан киносына бармаңыздар! Өте нашар!”, – деп жазды желі қолданушысы.

Өз кезегінде актриса да жауап беріп, негатив пікір жазған адамды орнына қойды.

“Менің кином емес?! Не деп отырсыз?!! Сауат Қайда?!”, – деді актриса.

Оқырман қауым актрисаға сәттілік тілеп жатыр.