«Меркі-Шу-Бурылбайтал» жолын жөндеу жұмыстары басталды

0
1 590


«Меркі-Шу-Бурылбайтал» жолын жөндеу жұмыстары басталды

2019 жылдың сәуір айынан бастап, «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының қайта жаңарту жұмыстары басталды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кететін болсақ, «Меркі-Шу», «Хантау-Бурылбайтал» телімдерінде ескі жол жамылғыларын фрезамен көтеру, жол үйіндісін салу (ЗП) және жол бойындағы құрылымдарды қайта орнату жұмыстары атқарылып жатыр.

Бас мердігер «Синьсин» «Құрылыс және дамыту жөніндегі қытай компаниясы» ЖШС және «АБК Автодор НС» ЖШС құрамындағы Консорциум. Техникалық қадағалау жұмыстарын «Аркада KZ» ЖШС және «Сапа СЗ» ЖШС құрамындағы консорциум жүзеге асырады.
Жұмыстың аяқталу мерзімі-маусым 2022 ж.