Министр дәрі-дәрмек тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты

0
1 106

Бүгінгі күні 2 млрд теңгеге 3,5 млн дәрі қорабы жеткізілген.


Министр дәрі-дәрмек тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп жазады baq.kz.

"Ауруханаға түскендердің саны мен дәрігерлер ұжымын қорғауға түскен жүктемеге қатысты провизорлық және инфекциялық стационарларда тариф екі есеге өсті. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап ол күшіне енген. 21 дәрінің түрі көтерме жүйеде сұранысқа ие болып отыр. Жергілікті атқарушы органдар аталған дәрі-дәрмектерді қамту мен жеткізу бойынша мәселелерді бақылауы керек. Жеке дәріханаларды дәрімен қамту үшін 2 әуе рейсі Ресейден, бір рейс Үндістаннан ұйымдастырылды", - деді ол.

Цой айтып өткендей, бүгінгі күні 2 млрд теңгеге 3,5 млн дәрі қорабы жеткізілді.

"Өңірлерге қызу түсіретін препараттардың айға жететін көлемі жеткізілді. 15-17 шілдеде қосымша Үндістаннан 2 рейс, Ресейден 1 рейс дәрі жеткізіледі. Дәрілердің қоры күнделікті апта сайынғы жеткізулер негізінде қамтамасыз етіледі. Отандық өндірушілер өндірістік қуатты арттырып жатыр. Нарыққа дәріні енгізу бойынша рұқсат қағазы бір тәулікке дейін қысқарды", - деді ол.

Министр ӨЖА аппараттарына қатысты мәселені айтты.

"Инфекциялық провизорлық стационарларда 1553 жанрсақтау орнына 966 ӨЖА бар. Республика бойынша 6365 жансақтау орны қажет болады. Ол үшін қосымша 4093 ӨЖА аппаратын сатып алу керек. Осылайша, денсаулық сақтау ұйымдары ең нашар сценарийге дайын болады", - деді ол.