Бұған дейін оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтетіні айтылған еді.
ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте өткізілетін соңғы қоңырау дәстіріне қатысты түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.
«25 мамырдағы соңғы қоңырауды қайтару туралы біраз ата-ана айтып жатыр. Шешімді қабылдау және оны осы жылы бірден өзгерту оңай емес. Бұл оқу жоспарына, мұғалімдердің сағатына және жоспарланған білім беру материалдарына әсер етеді. Осыған дейін қабылданған шешім биыл жүзеге асырылады», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Министрдің айтуынша, соңғы қоңырау өткізу туралы бұйрықты оқу қауымдастығы мен ата-аналарды жинап, қайта қарау тапсырылды. Түпкілікті шешімді сарапшылар қауымдастығы қабылдайды.
Еске салсақ, бұған дейін оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтетіні айтылған еді.