Министрлік оқу ақысын қымбаттатуды тапсырды деген хабар жалған - БҒМ

0
1 126

"Бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат. Негізсіз және фактісіз ақпараттардан абай болуларыңызды сұраймын", - деп жазды Ерболат Мұхамеджан.


Министрлік оқу ақысын қымбаттатуды тапсырды деген хабар жалған - БҒМ

ERNUR.KZ. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі оқу ақысын 20 пайызға көтеріңдер деген тапсырма берді деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы БҒМ министрінің БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Құрметті білім саласына бейжай қарамайтын азаматтар. Соңғы күндері әлеуметтік желіде білім саласына қатысты бірнеше FAKE NEWS (жалған ақпарат) таралып жатыр. Тіпті қисынға келмейді. Кейбір азаматтардың пікірінше, ҚР Білім және ғылым министрлігі оқу ақысын 20 пайызға көтеріңдер деген тапсырма беріпті. Ашығын айтайын, бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат. Министрліктің ондай жоспары жоқ. Негізсіз және фактісіз ақпараттардан абай болуларыңызды сұраймын", - деп жазды ол Facebook желісінде.

Алайда ол мемлекетте 131 ЖОО бар екенін, соның көбі жекеменшік болғандықтан нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейтінін атап өтті.

"Министрлік нарық заңдылығына араласа алмайды. Бірақ, ақылы оқудан бөлек гранттар да бар екенін айтқым келеді. Гранттардың саны өткен жылы 20 мыңға көбейсе, биыл тағы Президенттің тапсырмасына сай 5 мыңға көбейді", - дейді Ерболат Мұхамеджан.

Оның айтуынша, Қазақстандағы ЖОО-ның орташа құны 350-420 мың теңге. Біраз ЖОО-ларда биылғы оқу ақысы, керісінше, арзандаған.

"Мысалы, ҚарМУ-да оқу құны 7000 теңгеге азайса, Алматы менеджмент университеті оқу ақысын 7 пайызға төмендетуге ниетті. Тек кейбір ЖОО-дары оқу ақысын шамамен 4-8 пайызға арттырды. (Оқу ақысын арттырған ЖОО-дары: ЖМУ - 4 пайыз, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ - 8-10 пайыз, Каспий қоғамдық университеті - 10 паыйз, Абай атындағы ҚазҰПУ - 1-2 пайыз, ХҚТУ - 8пайыз, Қарағанды медициналық университеті - 3 пайыз, ҚазҰҚПУ - 7 пайыз). Ол студент пен университет арасындағы келісімнің нормаларына сәйкес", - деп келтірді ол мәліметтерді.

Сондай-ақ, ол оқу ақысын өзгеріссіз қалдырған ЖОО-ларды тізіп берді.

"Көптеген ЖОО-дары оқу ақысын өзгеріссіз қалдырды. Мысалы, Сәтбаев университеті, ПМУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, ЕТУ, Шәкәрім атындағы СМУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, Тұран-Астана, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Қарағанды экономикалық университеті, Әуезов атындағы ОҚМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, Қ.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті - IITU, Семей қалалық медицина университеті, ҚазҰАУ және т.б", - дейді ол.