​Мотоцикл мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

0
1 558

1979 жылғы ер адам үш минуттан кейін жеткен жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.


​Мотоцикл мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

иллюстрациялық фото: windowssearch-exp.com

ERNUR.KZ. Оралда бүгін мотоцикл мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін түнде Шаған өзенінен өтетін көпір, «Динамо» спорт базасы маңында орын алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге сағат 02.32-де қоңырау шалынды. 1979 жылғы ер адам үш минуттан кейін жеткен жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Сондай-ақ жол оқиғасынан 1987 жылғы әйел адам зардап шекті.

Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми және іш жарақатын алып, миы шайқалған ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.