Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтініштер қабылдауды бастайды

0
1 060

Жеңімпаздар алты аталым − Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бейне-материалдар бойынша анықталады.


Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтініштер қабылдауды бастайды

Бүгін Парламент Мәжілісінің журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау басталады. Журналистерге арналған арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша тағайындалған болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атаулы сыйлыққа Палата­ның заң шығарушылық қыз­меті жайында 2017 жылдың 1 қыр­күйегі мен 2018 жыл­дың 14 мау­сымы аралығында жазылған және жарық көр­ген материалдар қабыл­данады. Жеңімпаздар алты аталым − Мәжі­лістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бей­не-материалдар бойынша анық­талады.

Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журна­листи­касының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады. Сыйлыққа үміткерлерді бұқаралық ақпарат құрал­дарының басшылары, шығар­машылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Сонымен қатар, бұл бәйгеге журналистер өзін өзі ұсыну ар­қы­лы да қатыса алады. Өтінімдер 2018 жылдың 15 мау­сымына дейін қабылданады. Жеңімпаздар Байланыс және ақ­па­рат қызметкерлерінің күні қарсаңында жарияланады.

Өтінімдер Парламент Мәжі­лісінің сыйлығын беру жөнін­дегі комиссияның жұмыс органына – Мә­жі­лістің баспасөз қызметіне – 000001, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 4, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне немесе smimazh@parlam.kz электронды мекенжайына 2018 жылдың 15 мау­сымына дейін жолдануы қажет. Қосымша ақпаратты Мәжілістің parlam.kz ресми сайтынан немесе (8) (7172) 24-38-22 байланыс телефондары арқылы алуға болады.