Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын Тоқаевқа өзі берді - Үкібай

0
582

Жағдай өте қиын болғандықтан Елбасының өзі Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін Президентке беру туралы шешім қабылдады.


Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын Тоқаевқа өзі берді - Үкібай

ERNUR.KZ. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы лауазымын ауыстыру туралы айтты, деп жазады baq.kz

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Тұңғыш Президентке қатысты көптеген жалған қауесет пен арандатушылық жазба таралып жатыр. Қазіргі жағдайда біз мұндай әрекетті саяси жағдайды тұрақсыздандыру және мемлекеттің конституциялық негіздеріне нұқсан келтіру әрекеті деп бағалаймыз. Жоғарыда айтқанымдай, Елбасы осы күндері Нұр-Сұлтанда болды. Мемлекет басшысына қолдау көрсетті", - деп жазды Үкібай.
Ол атағандай, жағдай өте қиын болғандықтан Елбасының өзі Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін Президентке беру туралы шешім қабылдады.
"Мемлекет басшысы тәртіпсіздіктер мен террор ел басшылығынан жедел, қатал және ымырасыз әрекет етуді талап ететінін жақсы түсінді. Елбасы мен Мемлекет басшысы әрқашан бір мүддені, өз халқын, елін, ұлт болашағын қорғады. Ал баршамызға қиын күндерде олар біртұтас мемлекеттік билікті тағы да паш етті", – деді Айдос Үкібай.