​Назарбаев: Шүберекті сырттан таси бермей, өзіміз-ақ шығарайық

0
1 194

Қазақстанда киім-кешек шығару ісін қолға алу керек


​Назарбаев: Шүберекті сырттан таси бермей, өзіміз-ақ шығарайық

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін индустриаландыру күніне орай өткен жиында, Қазақстанда киім-кешек шығару ісін қолға алу керектігін айтты, деп жазады NUR.KZ.

Президент өз сөзінде «сырттан киім-кешекті әкеле бермей, өзіміз шығарайық» дегенді алға тартты.

"Бізде өзіміз шығаратын, күнделікті тұрмысқа қажет заттар жетпей жатады. Киім-кешек, шүберек сияқты дүниелерді сырттан таси бермей, өзіміз-ақ шығармаймыз ба?

Әлі күнге дейін аспанға қарап жүрміз. Зауыттар салып, көлік шығаруымыз керек. Ал адамдарға мұның бәрі керек.

Бәріміз әлі күнге дейін шетелдің киімдерін киеміз. Неге өзімізде шығармасқа?

Қазірдің өзінде жеңіл өнеркәсіп тәп-тәуір дүниелерді шығарып жүргендігінен хабардармын. Жоспарлауды, өзіміздің отандық өнімді пайдалана білмейміз", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Елбасы «Индустриландырудың екінші бес жылдығы: Қазақстанда жасалған» атты телекөпірге қатысты.