Назарбаев төрағалық ететін Nur Otan отырысы өтпейтін болды

0
717

Кеңес 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген.


Назарбаев төрағалық ететін Nur Otan отырысы өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болмайды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.

"Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты "Nur Otan" партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады", - деп жазған Байбек Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Германияда да коронавирусқа байланысты 25 сәуірге жоспарланған Христиан-демократиялық одағының партиялық съезі кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, АҚШ-та Байден мен Сандерс дебаттары COVID-19 таралуына байланысты Аризона мен Вашингтонға ауыстырылды. Ал CNN телеарнасы дебаттар көрермендердің қатысуынсыз өтетінін жариялады.

Еске салайық, қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі. Екеуі Алматыда ауруханаға жатқызылған, олар Германиядан 9 және 12 наурыз күндері келген. Бір науқас 12 наурызда Италиядан келген. Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханаға жатқызылған.