Вирус Үндістанда таралып жатыр.
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарға ескерту жасап, Нипах вирусы тарап жатқан елдерге барудан бас тартуға шақырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір Үндістандағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстанның мемлекеттік шекарасында тексеру күшейген.
«Сондай-ақ комитет Нипах вирусы тараған елдерге бармай-ақ қоюға кеңес береді», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.


