Н.Назарбаев: "Не болды, барлығы ұры болып шықты ма түбінде?"

0
1 120

​Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестициялар және даму министрлігінің жұмысын сынға алды


Н.Назарбаев:

фото: sputniknews.kz

Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестициялар және даму министрлігінің жұмысын сынға алды, -деп хабарлайды sputniknews.kz

"Қазір салынып жатқан жол өскелең ұрпақтың игіліне жұмыс істейді. Бірақ қазір басты мәселе – жолдардың сапасы мен ашықтық, тиімділік болып отыр. Бүгінде осындай бассыздықтардан құқық қорғау органдары "Қазақавтожолдың", өңірлік филиалдарының барлық дерлік басшылығын ұстады. Әрине, бір нәрсе бүлдіргені үшін. Бұл басшылықтың ақшаны пайдалануында да, жолдардың сапасында да кемшіліктер бар екенін көрсетеді", — деді Назарбаев.

Президент инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектен мән-жайды сұрады.

"Не болды, барлығы ұры болып шықты ма түбінде?", — деді президент.

"Қазақавтожол – республикалық маңыздағы автожолдарға қызмет көрсететін республикалық кәсіпорын. Ол жол салумен айналыспайды, бірақ басшылық жемқорлық қылмысына байланысты қазір сот процесінен өтіп жатыр", — деп жауап берді министр.

"Жұмыс орындағанда біз нормативке қараймыз. Норматив баяғыда ескіріп қалған, нормативке емес, жолдардың сапасына қарау керек. Нормативпен салады, нормативпен ақша алады, бір кездері балабақшаларды да зәулім сарай қып тұрғызғаны секілді. Мемлекетте ақша пайда бола қалған кезде, бәрінің араны ашыла қалады. Сонда министрлік не үшін қажет? Мемлекеттің ақшасы қайда жұмсалып отырғанын бақылау үшін. Бұл сенің жұмысыңда кемшін тұстар бар деген сөз", — деп сынады Назарбаев Қасымбекке.