Нөсер жауын: 28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

0
674

Болжам бойынша, еліміздің үш өңірінде нөсер жауын жауады.


Нөсер жауын: 28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет» РМК 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстанда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел күшейеді, бұрқасын болады, сондай-ақ өте қатты аптап ыстық пен төтенше өрт қаупі бар.

"Қазақстанның барлық аумағында жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста, солтүстікте – қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел күшейеді, көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады".- «Қазгидромет» РМК.

Болжам бойынша, Маңғыстаудың солтүстік-шығысында, Ақмоланың солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.