"Қазақстан мен Армения арасында орныққан достық ниеттегі қатынастар екі ел халықтарының игілігі жолында нығая түседі деп ойлаймын".
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады,деп хабарлайды АҚОРДА баспасөз қызметі.
«Сіздің саяси тәжірибеңіз бен кәсіби біліктілігіңіз Армения Республикасының өркендеуі мен дамуына септігін тигізетініне сенімдімін.
Қазақстан мен Армения арасында орныққан достық ниеттегі қатынастар екі ел халықтарының игілігі жолында нығая түседі деп ойлаймын.
Сізге зор денсаулық және осы жауапты қызметте жаңа табыс, ал достас Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.