Оқиға таңғы рейс кезінде болған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әуежайында Ashyq қосымшасының дұрыс жұмыс істемеуінің нәтижесінде ұзын-сонар кезек пайда болды, деп жазады Stan.kz.
Денис Денски есімді қолданушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына ұзын-сонар кезектің видеосын жариялаған. Оның сөзінше кезек Ashyq қосымшасы кесірінен орын алған.
Оқиға таңғы рейс кезінде болған.
"Бүгінгі кезек бұрын әуежайға кіру үшін тексеруші құрал қойған кездегідей болды. Бірақ қазір карантин. Мұндай ұзын-сонар кезекте әлеуметтік арақашықтық туралы қалай сөз қозғауға болады", - дейді ол.
Осыған байланысты, әуежай қызметкерлері барлық келушілерге әуежайға келер алдында қосымшаны жүктеу қажет екенін айтты.
"Қызыл" және "сары" дәрежеге жатқызылған жолаушылар терминалға кіргізбейді. Билетті кері қайтару үшін әуе компаниясына хабарласу қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.
Гаджеті жоқ жолаушылар өз мәртебесін әуежай қызметкерлерінің планшеттері арқылы тексере алады.