Нұр-Сұлтан бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

0
487

Жаңа қаулы 2021 жылғы 26 сәуірде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Нұр-Сұлтан бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

ERNUR.KZ. Жұма, 23 сәуірде Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова "Шектеу және карантиндік шараларды күшейту туралы" жаңа қаулыға қол қойды", деп жазады Tengrinews.kz.

Тұрғындар арасында коронавирус инфекциясы тіркелуінің өсуіне және жоғары деңгейде сақталуына, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақта болуына байланысты қаулы:

1. бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;

2. қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрлар, (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караокеге, кинорумдар, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары, балалар ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу;

3.Ashyq пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 26 сәуірде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.