Бұл туралы мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда «Сарыарқа» ауданында мұз айдынына 136 млн теңге жұмсалмақ, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Тапсырыс беруші – «Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы – эстетикалық безендіру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – ғимараттарды, құрылыстарды, қоғамдық және басқа да орындарды қысқы кезеңге дайындау жөніндегі қызметтер; жоспарлы сомасы – Т135 714 285,71», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.
Өтінімдерді алдын-ала қабылдау 24 тамыз 8 қыркүйек аралығында өтеді.
Техникалық ерекшелікке сәйкес, 1,8 мың ш.м. алаңды мұз айдынын құюға дайындау, мұз айдынын құю, оған ары қарай күтім жасау жұмыстары жасалуы тиіс.