Нұр-Сұлтанда 47 ойын автоматының иесі сотталды

0
618

Елордалық 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


Нұр-Сұлтанда 47 ойын автоматының иесі сотталды

ERNUR.KZ. Елордада 47 ойын автоматының иесі сотталды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталған.

"Күдікті аса ірі мөлшерде пайда табу мақсатында адамдармен бірлесіп, Нұр-Сұлтанда 47 дана ойын терминалын орнатып, заңсыз ойын бизнесін жүргізген. Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен елордалық 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.