Олар он үш және он төрт жылға сотталған, алайда алты жылдан кейін бостандыққа шығуды жоспарлап отыр.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда екі киллер алты жыл бұрынғы үкімге шағымданып, бостандыққа шықпақ, деп жазады sputnik.kz.
2014 жылдың қысында екі адам кәсіпкер мен оның досына қарулы шабуыл жасаған. Содан кейін қылмысты ұйымдастырушы мен орындаушылар түрмеге қамалды.
Алайда іс қайта сараланды, енді олар бостандыққа шығады.
Қастандық жасалған кәсіпкер Олжас Мұқажановтың айтуынша, 2014 жылдың қаңтарында медициналық бетперде таққан екі ер адам елорданың орталығында өзіне және досына шабуыл жасаған.
Олар травматикалық тапаншадан оқ атқан. Олжастың басына және иығына бірнеше оқ тиді, алайда ол аман қалды. Тергеу нәтижесі бойынша екі ер адам 13 және 14 жылға түрмеге қамалды. Олар қылмыс жасағаны үшін сотталды. Бірақ алты жылдан кейін қылмыстық бап кенеттен "бұзақылық" деп қайта қаралды. Енді сотталғандар бостандыққа шығады.
"Прокурордың өзі "бұзақылық" бабы бойынша қарауды сұрады. Мен заңға бағынатын азамат ретінде бір кездері травматикалық тапаншаны өткіздім. Енді оны маған қайтып беруі керек, себебі мен енді өзім қорғанамын. Басыма оқ атса, бұл бұзақылық болады", - дейді жәбірленуші Олжас Мұқажанов.
Жәбірленуші апелляциялық соттың шешімімен келіспейді. Ол Жоғарғы сотқа жүгінуге ниетті.