Нұр-Сұлтанда үстіне конструкция құлаған әйел ауыр халде жатыр

0
449

22 қазанда Сығанақ көшесіндегі сауда үйінің кіреберісінде әйелге металл конструкциясы құлаған.


Нұр-Сұлтанда үстіне конструкция құлаған әйел ауыр халде жатыр

ERNUR.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Нұр-Сұлтанда үстіне металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Науқасқа қажетті медициналық көмек беріліп жатыр, мамандардың тұрақты бақылауында", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

22 қазанда Сығанақ көшесіндегі сауда үйінің кіреберісінде әйелге металл конструкциясы құлаған.

Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

BI Group баспасөз қызметі бизнес-орталықтың шатырын жалға алатын компанияның құрылыс холдингіне қатысы жоқ деп мәлімдеді.