Тұрғындар әлеуметтік желілерде жаңа жолдың видеосын жариялады.
ERNUR.KZ. Елордада Ұлы Дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі Тәуелсіздік көшесінің (№38) бөлігі салынып, пайдалануға берілді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Тәуелсіздік көшесіндегі осы учаскеде жол өткелінің ашылуы көлік қозғалысын жақсартуға және қолданыстағы көше-жол желісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ жалпы Нұр-Сұлтан қаласының жол желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.
Нысанды толығымен аяқтау, оның ішінде көшенің барлық учаскесінде жол жүруді қамтамасыз ету осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.
Тұрғындар әлеуметтік желілерде жаңа жолдың видеосын жариялады.
"Ал, құттықтай беріңіздер", - делінген жазбада.