Құтқарушылар болт кескіштің көмегімен баланың саусағын босатып алған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда құтқарушылар балаларға арналған аттракционға саусағы қысылып қалған кішкентай қызды құтқарып қалды, деп жазады Stan.kz.
Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, 18 сәуірде кешкі сағат алты шамасында құтқарушылар Қосшығұлұлы көшесі, 11 мекен-жайы бойынша барған.
Төрт адамнан және бір техникадан тұратын жедел-құтқару жасағы оқиға орнына барды. Олар баланың саусағы шұңқырға қысылып қалғанын анықтады.
"Құтқарушылар бірден құтқару жұмыстарын жүргізе бастады және болт кескіштің көмегімен баланың саусағын босатты", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.