Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында әйел қайтыс болды

0
513

1992 жылы туған әйел кенет есінен танып қалған.


Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы сауда және ойын-сауық орталығында 29 жастағы әйел қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 22 қараша күні болған. Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәліметінше, "103" пультіне әйел сауда орталығында ес-түссіз жатқаны туралы жедел қоңырау түскен.

"Жедел жәрдем бригадасы келген кезде өмір сүру белгілері жоқ әйел табылды. Куәгерлердің айтуынша, 1992 жылы туған әйел кенет есінен танып қалған, содан кейін талмасы басталған. Оқиғаның куәгерлері сауда орталығының фельдшерлік пункт қызметкерлерін шақырған, олар реанимация жүргізді, бірақ нәтиже болмады", - деді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта мәйіт полицияға тапсырылды.