Нұрлан Әуесбаев ОСК-дан пікірсайыс өткізуді талап етті

0
443

Ол өз талабын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.


Нұрлан Әуесбаев ОСК-дан пікірсайыс өткізуді талап етті

ERNUR.KZ. Оппозициялық кандидат Нұрлан Әуесбаев ОСК-дан пікірсайыс өткізуді талап етті, деп жазады tengrinews.kz.

Ол өз талабын Facebook парақшасында жариялады.

"Мен, Нұрлан Әуесбаев, ЖСДП партиясынан президенттікке үміткермін. Жақында "Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев мені ашық дебатқа шақырыпты. Мен ешкімнен де қорықпаймын! Маған қарсы шыққан кез келген тұлғамен дебатта кездесуге дайынмын! Орталық сайлау комиссиясынан келесі аптада халықтық коалиция өкілімен республикалық деңгейде дебат өткізуді талап етемін", - делінген жазбада.