Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

0
163

Қазақстанның тұңғыш президенті елордадағы "Астана Операдағы" учаскеде таңдау жасады.


Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы "Астана Операдағы" учаскеде дауыс берді.
Айта кетері, Назарбаев билікте болған кезде ел Конституциясы бірнеше рет өзгертілді:
1998 жылы - 19 бапқа 29 түзету;
2007 жылы - 40 бапқа 62 түзету;
2011 жылы - бір түзету;
2017 жылы - 25 бапқа 33 түзету енгізілді.
Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек сайлау учаскелеріне алғашқы болып барды.
Жалпы сағат ондағы жағдай бойынша қазақстандықтардың 19,21%-ы дауыс беріп үлгерді. Көш басында Қарағанды облысы (26,64%) тұр. Сондай-ақ Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу облыстарының халқы белсенділік танытып жатыр. Ең аз дауыс берушілер саны Алматы қаласында (9,54%) тіркелді.