"Офицерлерді ғашық етемін": Трансгендер Амилай әскерге шақырту алды

0
371

Желі жұлдызы әскерға шақырту қағазын көрсетіп, оықрмандарын шулатты.


Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Амилай атымен танымал трансгендер өзіне әскерге шақырту келгенін айтты, деп жазады stan.kz.

Желі жұлдызы әскерға шақырту қағазын көрсетіп, оықрмандарын шулатты.

“Маған қоңырау шалып: "бауырым, сен қайдасың?" Мен бауырым емес, қарындасыңмын деп жауап беріп, трансгендер Амилай екенімді түсіндірдім. Маған төлқұжатымды алып, дүйсенбіде келу керегін айтты", – деді желі белсендісі.

Сондай-ақ ол әскерге барынша әдемі болып баруды жоспарлап отырғанын жасырмады.

Мен армияға дайындаламын. Шашымды жасаймын, кірпіктерімді ұзартамын. Әскерде әдемі болып жүремін. Әр түрлі жігіттер мен офицерлерді өзіме ғашық етуім керек”, – деді трансгендер.

Еске салайық, "Ұлдарымды жіберуге қарсымын" деп отандық шоу-бизнес өкілдері әскердегі әлімжеттікке қатысты ойларын бөліскен еді.