Ол ойын ойнап жүрген клиенттің бірі
Қарағандыда ойыншық тапаншамен қорқытып, ойын клубынан 4 миллионға жуық ақша ұрлап кеткен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
30 қыркүйек күні сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қаладағы ойын клубтарының бірінде қарақшылық шабуыл болғандығы туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлеріне клубтың қызметкері үнемі осы мекемеде ойын ойнап жүрген клиенттің бірі кенеттен тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткенін түсіндірді.