Оқушыға бұранда тығып алған павлодарлық мұғалім қызметін жалғастыратын болды

0
91

Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Оқушыға бұранда тығып алған павлодарлық мұғалім қызметін жалғастыратын болды

ERNUR.KZ. Павлодарда тақтада есеп шығарып тұрған мектеп оқушысының арқасына бұранда тығып, жұмыстан қуылған мұғалім жұмысқа қайта алынды, деп жазады Stan.kz.



Павлодар облысы білім басқармасы математика пәнінің мұғалімі қызметтік тексеруге дейін жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

“Білім бөлімі жүргізген қосымша бағалау негізінде, Еңбек кодексін және педагогикалық ұжымның қызметін реттейтін басқа да актілерді басшылыққа ала отырып, қызметтік тергеуге дейін мұғалімді орнында қалдыру туралы шешім қабылданды. Білім бөлімінің мамандары мектеп әкімшілігімен бірлесіп, жан-жақты тексеру жүргізіп, мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға береді”, – деп мәлімдеді ведомство.

Білім басқармасының мәліметінше, оқушы мен оның ата-анасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ бала құқығын қорғау шараларын қолға алуға уәде берді.

Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болған жағдайға қатысты жазбаша түсініктемелер және куәгерлерден жауап алынды. Видеожазбаларға да талдау жүргізілген.

“Тексеру нәтижелері бойынша ықтимал тәртіптік жазаларды қолдану немесе бұрынғы еңбек қатынастарын сақтау туралы түпкілікті шешім қабылданады. Оқытушы тергеу аяқталғанша өз міндетін атқара береді”, – деді білім басқармасындағылар.

Ведомство бұл ретте әкімшілік пен білім бөлімі істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптыққа, сондай-ақ қызметкердің құқықтарын, оның ішінде кінәсіздік презумпциясы мен ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау құқығын сақтауға кепілдік беретінін атап өтті.